Атпен серуендеу

Аттың үстінде өзін сенімді ұстайтындар үшін атпен серуендеуді және ипподромдық шеңбердегі сабақтарды ұсынамыз.

 

Атпен тауға жорыққа шығу

Жағымды әсер беретін керемет оқиға – атпен тауға жорыққа шығу. Бутаков шатқалында тәжірибелі нұсқаушылардың сүйемелдеуімен серуендеу жағымды естіліктер қалдыратын болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: атпен тауға шығу серуендеріне кем дегенде бір күн бұрын тапсырыс беріп қою керек, себебі аттарды, керек-жарақтар мен жаттықтырушыларды жақсылап дайындап қою қажет


Фотосессиялар және бейнекамераға түсіру

«Алтын Тай» ат-спорт клубында жылқылармен кәсіби фотосессияға тапсырыс беруге, сондай-ақ түсірілімге арнап ат жалдауға болады. Фотосессияның құны сағатына 15 000 теңгеден бастап 20 000 теңгеге дейінгі шаманы құрайды. Клубымыз әртүрлі деңгей мен бағалық санаттағы бірнеше фотографтармен жұмыс істейді. Сіздің сұратуыңыз бойынша біз өзіңіздің қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізге сай келетін нұсқаны таңдап береміз.

«Алтын Тай» ат-спорт клубы белгілі қазақстандық жұлдыздардың бейнебаяндарын түсіру орындарының бірі болу құрметіне ие болған. Егер Сіздің бейнеклип, lovestory, деректі кино немесе көркем фильм түсіргіңіз келсе, бізге хабарласыңыз, сөйтіп біз сізге белгілі бір жобаның құнын есептеп береміз.

*** Клуб аумағында әкімшіліктің келісімінсіз фото және бейнекамераға түсіруге қатаң тыйым салынады

 

Ат шоуы мен жарыстарын ұйымдастыру

Біршама уақыттан бері «Алтын Тай» ат-спорт клубы жекеменшік, корпоративтік және мемлекеттік шараларға арнап ат шоуын немесе әлемдік стандарттағы жарыстарды ұйымдастыра алады. Ат шоуы келесі шараларды қамтуы мүмкін:

1. «Алтын Тай» АСК-да ұсталатын жылқылардың әртүрлі тұқымдарының костюмді көрінісі

2. Ат шабысы бойынша командалық жарыстар

3. Конкур бойынша командалық жарыстар

4. Ат шабысы бойынша үлгілік өнер көрсету

5. Конкур бойынша үлгілік өнер көрсету

 

Сіздің қалауыңыз бойынша біз Өзіңізді қызықтыратын кез келген шараны қосып енгізе аламыз. Мұндай қызметтердің бағасы шара таңдалып және оған қанша адам қатысатыны анықталғаннан кейін ұсынылатын болады. 

 

Алтын Тай АСК қызметтерінің бағалары

" Алтын Тай" Ат спорты клубы 2018